Шегіртке үшін шекара жоқ. Жебір жәндіктер Жетісуға да жетті. Егіс алқаптарын, жайылымдарды залалдап, зиянын тигізуде. Шаруалар алаңдаулы. Шегірткеге қарсы күрес жұмыстары да кешенді. Мамандар алдын-ала тексеріп, 115 мың гектарды дәрілеуге ұйғарыпты. Бүгінге оның 10 мың гектардан астамында тиісті жұмыстар жүрді.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.