Шекарадағы камера – қауіпсіздік кепілі. Қорғас трансшекаралық өзеніндегі су тасқыны жағдайын және шекара бұзушыларды анықтау мақсатында бақылау камералары қойылады. Бұл бастама төтенше жағдайлар министрлігі “Қазселденқорғау” мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырумен орнатылды. Бейнекамералар Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының жауынгерлік қызметіне көмегін тигізуде. Мәселен, 2023 жылы бақылау камерасы арқылы мемлекеттік шекарадан контрабандық тауарды заңсыз алып өтуге талпынған Қазақстан Республикасының 5 азаматы ұсталды. Яғни, тәртіп бұзушылар бірнеше қорапқа салынған темекі өнімін шекарадан асыруға талпынған. Сондықтан мұндай біріккен іс шара ұлттық қауіпсіздігіміз үшін өте тиімді.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






