Алдағы науқанда еңбегіміз зая кетпесіне кім кепіл? Қонаевқа қарасты Шеңгелді ауылының банкротқа ұшыраған диқандары әлі де наразы. Олар ауыл шаруашылығы басқармасының салғырт жұмысына шағымданды. Көпшілікті тыңдап, саралаған облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев мәселені шешу жолдарын қарастырды. Жауаптыларға бірқатар тапсырма жүктеді.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






