Талдықорғанда «Шоқан Уәлиханов: Тарих және Тұлға» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс-шара ұлы ағартушының 190 жылдығы мен «Шоқан Уәлиханов атындағы Алтынемел» мемориалдық музейінің 40 жылдығына арналды. Айта кетейік шараға қатысушылар алдымен осы мемориалға барып, музейді аралады. “Таза Қазақстан” бағдарламасы аясында музей аумағында ағаш отырғызды. Жалпы Конференцияда Өзбекстан мен Қырғызстан және Отандық танымал зерттеушілер бас қосты. Олар Шоқан Уәлихановтың еңбектеріне жан-жақты талдау жасап, оның ғылым мен мәдениетке қосқан үлесін атап өтті.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.