Бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен Талдықорғандағы Өркен – балалар спорт мектебі қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Жетісу облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаменті хабарлады. Айтуларынша тергеу барысында жоғарыда аталған мекемеге алты адам 2015-2022 жж аралығында жұмысқа қабылданған. Шын мәнісінде олар еңбек қызметін нақты атқармаған. Нәтижесінде 16 млн теңгеден астам қаражат 7 жыл бойы осы азаматтардың шоттарына жалақы ретінде аударылып отырған.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.