Дүйсенбі, Қараша 17, 2025
Талдықорған: +7°C
  • Біздің ұжым
  • Кадр қызметі
  • Cыбайлас жемқорлық картограммасы
  • Комплаенс қызметі
zhetysutv
No Result
View All Result
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Шығарылымдар
    • Апта
    • Жетісу облысының жаңалықтары
    • Алматы облысының жаңалықтары
  • Жобалар
    • 19 аймақ/19 регион
    • Менің анам
    • Таңжарық
    • Ойсарап
    • Ащы да болса…
    • Дәрігер кеңесі
    • Арнайы репортаж
    • Ғибрат
    • Ұлт ұяты
    • Менің балалық шағым
    • Өзекжарды
    • Шіркін-ай
    • Елге қызмет
    • Шаңырақ
    • Дала үні
    • Шіркін ай
    • Біз жанбасақ…
    • Мақсатына жеткендер
    • Таза мекен
    • Аман болайық
    • Абадан
    • Біздің өңір – біздің өмір
    • Келіп көр
    • Агро аймақ
    • Сіз не істедіңіз?
    • Дала сыры
    • Шыңыраудан шыңға
  • Мұрағат
    • Өмірлік бағдар
    • Табыс кілті
    • Менің арманым
    • Бес қару
    • Ел іші — өнер кеніші
    • Сапар Like
    • Эконом Time
    • Ділмар
    • Олжа
    • Жас тілші
    • Бүгін
🔴 JETISU LIVE   🔵 RADIO JETISU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Шығарылымдар
    • Апта
    • Жетісу облысының жаңалықтары
    • Алматы облысының жаңалықтары
  • Жобалар
    • 19 аймақ/19 регион
    • Менің анам
    • Таңжарық
    • Ойсарап
    • Ащы да болса…
    • Дәрігер кеңесі
    • Арнайы репортаж
    • Ғибрат
    • Ұлт ұяты
    • Менің балалық шағым
    • Өзекжарды
    • Шіркін-ай
    • Елге қызмет
    • Шаңырақ
    • Дала үні
    • Шіркін ай
    • Біз жанбасақ…
    • Мақсатына жеткендер
    • Таза мекен
    • Аман болайық
    • Абадан
    • Біздің өңір – біздің өмір
    • Келіп көр
    • Агро аймақ
    • Сіз не істедіңіз?
    • Дала сыры
    • Шыңыраудан шыңға
  • Мұрағат
    • Өмірлік бағдар
    • Табыс кілті
    • Менің арманым
    • Бес қару
    • Ел іші — өнер кеніші
    • Сапар Like
    • Эконом Time
    • Ділмар
    • Олжа
    • Жас тілші
    • Бүгін
No Result
View All Result
zhetysutv
No Result
View All Result

Су, «жасыл» технологиялар және тұрақты даму

Жетісу облысы климаттық тәуекелдерге қалай бейімделіп жатыр

17.11.2025
WaTg

Жетісу облысы ауыз су қорларының азаюы, өзендердің ластануы мен ресурстардың тиімсіз пайдаланылуы салдарынан туындаған күрделі экологиялық және су шаруашылығы проблемлемаларына ұшырап отыр. Климаттың өзгеруі, мұздықтардың еруі және көршілес елдерден кіретін ағындардың азаюына байланысты Іле, Қаратал, Ақсу және басқа да өзендердің сулары сарқылып жатыр. Бұл мәселе, әсіресе, суы Іле өзенінің суымен толығатын Балқаш көлінде ушығып тұр.

Қазақстанның су ресурстарының шамамен 44%-ы елдің аумағынан тыс жерден келеді,  осының салдарынан елдің су балансы – сыртқы факторларға сезімтал. Әйтсе де, ел ішінде суды тиімсіз пайдалану проблемасы әлі шешілмеген. Су ауыл шаруашылығында көп пайдаланылады, мұнда бұрынғыша су ресурсының 40% шығындалып кететін ескірген суару жүйелері қолданылады. Су объектілерінің пестицидтермен, тыңайтқыштармен және ағынды сулармен ластануы қосымша жүктеме жасайды.

Жетісу облысының ауыл шаруашылығы экономиканың басты саласы болып саналады, мұнымен қатар экологиялық қысымның да басты көзі болып тұр. Егіншілікті қарқынды жүргізу топырақтың эрозиясына, құнарлы қабаттың тозуына және биологиялық алуантүрліліктің жойылуына әкеледі. Химиялық тыңайтқыштарды және өсімдіктерді қорғау құралдарын пайдалану салдарынан топырақ пен суда көп мөлшерде уытты заттар жиналады, бұл ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасына әсер етеді және ұзақ мерзімді экологиялық қатерлерді қалыптастырады.

Өңірдегі жағдайды тұрақтандыру үшін кешенді тәсілдер – су үнемдеу технологияларын енгізу, ирригациялық жүйелерді жаңғырту және экологиялық мониторингті дамыту қажет. Халықаралық ынтымақтастық, әсіресе, трансшекаралық су ресурстарын басқару бөлігінде маңызды рөл атқарады, бұл – тек Жетісу облысының ғана емес, жалпы елдің экологиялық қауіпсіздігіне тікелей қатысты мәселе.

Соңғы жылдары өңірде су тапшылығын азайтуға және су пайдалану тиімділігін арттыруға бағытталған шаралар белсенді іске асырылып жатыр. Сумен жабдықтау бағдарламасы аясында сегіз жаңа су қоймасы салынып жатыр, бұл жинақталған су көлемін 500 миллион текше метрге дейін ұлғайтуға және 70 мың гектардан астам ауыл шаруашылығы жерлерін тұрақты суаруға  мүмкіндік береді. Сонымен қатар суару арналарын, арықтарды және гидротехникалық құрылыстарды қайта жаңарту жүргізіліп, судың шығынын есепке алу және бақылау жүйелері енгізілуде, бұл тасымалдау кезіндегі шығынды азайтуға мүмкіндік береді.

Судың сапасын жақсартуға және экологиялық қауіпсіздік деңгейін арттыруға айтарлықтай көңіл бөлінеді. Облыстың елді мекендерінде тазарту құрылыстары жаңғыртылып, өнеркәсіптік кәсіпорындардың сарқынды суларды ағызуына бақылау күшейтілді. «Қазгидромет» РМК-мен бірлесіп Қаратал, Көксу және Быжы өзендерінің жай-күйіне тұрақты мониторинг жүргізіледі, бұл судың химиялық және биологиялық құрамындағы өзгерістерді жылдам бақылауға мүмкіндік береді.

Су тасқыны қаупін болдырмау үшін жыл сайын профилактикалық іс-шаралар кешені – өзен арналарын тазарту, каналдарды тереңдету және бөгеттерді күшейту жүргізіледі. Еріген суларды жинақтайтын және топырақ эрозиясын болдырмайтын реттегіш су қоймалары салынып жатыр.

Барлық қабылданған шаралар теңдестірілген су пайдалануға қол жеткізуге, ауыл шаруашылығының тиімділігін арттыруға және өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған. Инфрақұрылымдық, технологиялық және білім беру бастамаларын үйлестіріп іске асыру – орнықты табиғат пайдалану моделін қалыптастырады және климаттық өзгерістерге бейімделуге көмектеседі.

Бұл жұмыста Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының Ең үздік қолжетімді техникалар бюросы маңызды рөл атқарады. Оның су пайдалану және ауыл шаруашылығы қалдықтарын басқару саласындағы қазіргі заманғы шешімдерді енгізуге бағытталған қызметі су ресурстарына жүктемені азайтуға және орнықты аграрлық секторды қалыптастыруға ықпал етеді.

Жанар Абдрахманова

Су, «жасыл» технологиялар және тұрақты даму
Жаңалықтар

Су, «жасыл» технологиялар және тұрақты даму

17.11.2025
Жетісу облысында 2024-2025 жылғы бюджетінен 3,8 млрд теңге үнемделді
Жаңалықтар

Жетісу облысында 2024-2025 жылғы бюджетінен 3,8 млрд теңге үнемделді

14.11.2025
Қазір елімізде өндіру және өңдеуге ерекше көңіл бөлініп отыр
Жаңалықтар

Қазір елімізде өндіру және өңдеуге ерекше көңіл бөлініп отыр

14.11.2025
Талдықорған қаласының қысқы күтіміне дайындық тексерілді
Жаңалықтар

Талдықорған қаласының қысқы күтіміне дайындық тексерілді

12.11.2025
Қарабұлақ ауылында жаңа «Жеңіс» саябағы ашылды
Жаңалықтар

Қарабұлақ ауылында жаңа «Жеңіс» саябағы ашылды

12.11.2025
Микробизнеске салынатын салық мөлшерлемесін төмендету мәселесі талқыланды
Жаңалықтар

Микробизнеске салынатын салық мөлшерлемесін төмендету мәселесі талқыланды

12.11.2025

«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.

Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.

Мекен жайы: Талдықорған қаласы, Балапанова көшесі 28
Қабылдау бөлмесі: 8 (7282) 400029

  • Біздің ұжым
  • Кадр қызметі
  • Cыбайлас жемқорлық картограммасы
  • Комплаенс қызметі
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Шығарылымдар
    • Апта
    • Жетісу облысының жаңалықтары
    • Алматы облысының жаңалықтары
  • Жобалар
    • 19 аймақ/19 регион
    • Менің анам
    • Таңжарық
    • Ойсарап
    • Ащы да болса…
    • Дәрігер кеңесі
    • Арнайы репортаж
    • Ғибрат
    • Ұлт ұяты
    • Менің балалық шағым
    • Өзекжарды
    • Шіркін-ай
    • Елге қызмет
    • Шаңырақ
    • Дала үні
    • Шіркін ай
    • Біз жанбасақ…
    • Мақсатына жеткендер
    • Таза мекен
    • Аман болайық
    • Абадан
    • Біздің өңір – біздің өмір
    • Келіп көр
    • Агро аймақ
    • Сіз не істедіңіз?
    • Дала сыры
    • Шыңыраудан шыңға
  • Мұрағат
    • Өмірлік бағдар
    • Табыс кілті
    • Менің арманым
    • Бес қару
    • Ел іші — өнер кеніші
    • Сапар Like
    • Эконом Time
    • Ділмар
    • Олжа
    • Жас тілші
    • Бүгін
  • Тікелей эфир
  • Жетісу радиосы

© 2024 Zhetysu TV