Жемқорлық – індет, онымен күресу – міндет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ Алатау қаласында түсіндірме жұмысын жүргізді. Құрамындағы мемлекеттік органдар мен әр түрлі облыстық деңгейдегі мекеме өкілдері жұртпен жүздесіп, тегін құқықтық кеңес берді. Әрі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырудың ұтымды жолдарын да түсіндірді.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






