Республика мақтанышы. Тәуелсіздік алғалы еліміздің өркендеуіне елеулі үлес қосқан кәсіпорынның бірі “Ажар” тігін фабрикасы. Тоқсан жылдық тарихы бар нысан тоқырау жылдарында да тоқтамай жұмыс істеді. Қарулы күш қызметкерлерін киім-кешекпен қамтамасыз етті. Бүгінгі күнге дейін білікті мамандарының арқасында бірізділіктен танбай, әскерилердің, құтқарушылардың, тәртіп сақшыларының барлық маусымдағы формаларын тігіп келеді.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.