Енді бір айдан кейін әлем жаңа жыл мерекесін тойлайды. Ал бұл мейрамның басты нышандарының бірі – шырша. Осы бір жауапты кезеңде Жетісудың орман қорын қорғау мақсатында құзырлы орган өкілдерінен 20 мобильді топ құрылды. Тәртіп сақшылары мен орманшылар қылқан жапырақты ағаштардың оталмауын 24-те 7 режимінде қадағалайды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






