Қалдықтан келер қауіп көп. Полигондар саны жыл санап артып келеді. Айтар болсақ бір Талғар ауданында күніне 200 тоннадан аса күл-қоқыс шығарылады. Оның жартысына жуығы экологияға аса зиянды жүз жылдап шірімейтін қалдықтар. Сондықтан бұл қалдықтарды қайта өңдеп, пайдаға жарату ләзім. Бұл бағытта аймақта екі айдан астам уақыт бұрын сұрыптау станциясы ашылған. Жұмысымен тілшіміз танысып қайтты.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.