Талғар ауданында КСРО спорт шебері Есенжол Әлімановты еске алуға арналған жастар арасында грек-рим күресінен ашық республикалық турнир басталды. Жарысқа Қазақстан өңірлерінен 2004-2006 жылдары туған жастар, сондай-ақ Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Ресейден келген жас балуандар қатысады. Барлығы 300-ге жуық спортшы бар. Олар 55 кг және одан жоғары 10 салмақ дәрежесінде сынға түседі.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.