Талдықорғанға атақты “Ақжауын” келді. Камералық оркестр Жетісулық тыңдармандарын әуезді ән, көңіл қылын шерткен күйлерінмен қуантты. Қос ішектен күмбірлей шыққан ұлттық үн үйлескен кеш “ҰЛЫ ДАЛА” деп аталды. Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған шарада шығармашылық топқа белгілі күйші-композитор Сәкен Тұрысбек жетекшілік етті.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.