Талдықорғанға ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Нұртөре Жүсіп пен Амангелді Төлемісов іс-сапармен келді. Қаладағы бірқатар мектепті аралап, оқушылармен кездесті. Басты мақсат – “Әдеп-құқық жұмысы жөніндегі ментор” жобасы аясында жасөспірімдердің еліне деген патриоттық сезімдерін ояту, тұлғалық дамуына менторлық сүйемелдеу және зорлық-зомбылықтың алдын алу.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.