Әр қаланың өзіндік сәулеттік келбеті мен стилі, ұлттық құндылықтарға негізделген дизайны болуы тиіс. Нью-Йорк – “Бостандық мүсінімен”, Париж – “Эйфель” мұнарасымен, Мәскеу – Кремльмен, Астана – “Бәйтерекпен”, ал, Алматы “Қазақстан” қонақүйімен айрықша. Таяуда Президент Ұлттық құрылтайда үлкен қалаларға арнап, ұлттық нақышқа бейімделген бірыңғай дизайн-кодтар әзірлеу қажеттігін тағы бір мәрте көтерді. Бұл талап – Жетісудың бас қаласы Талдықорғанға да қатысты.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.