Талдықорған – еліміздегі ең жасыл, ең жайлы қалалардың алды. Жайбарақат өмір сүруге қолайлы жағдайдың бәрі бар. Ауасы саф, суы таза, жасыл желегі жайқалған жас шаһар. Тынығар орындары көп. Соңғы 20 жылда сәулеттік кескін-келбеті тіпті ажарланып, қала көшелері гүлдестеге оранды. Саябақтар мен скверлер қатары көбейіп, қала тұрғындары қызығын көруде.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.