Жол жақсы болса көлігің де тыныш, көңілің де жай! Бірақ қаламыздың қақ ортасындағы Ұлан шағын ауданында 40 жыл бойы жол салынбаған. Қазіргі жағдайы көрер көзге сұрықсыз. Көлік дөңгелегін жарып жіберердей қиыршық тастармен әбден опырылған. Шұрығы көп шұңқырлы жолдан қажыған жұртшылық жылдар бойы осы мәселенін жырын айтып келеді. Алайда олардың айқайын естейтін құлақ, әрекет етер билік жоқ дейді.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.