Талдықорғанда қалалық білім бөлімінің есепшілеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олардан келген шығын көлемі 4 млрд 6 млн теңгеге жеткен. Бұл туралы Жетісу облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басшысы Дулат Мадияров мәлімдеді. Күдіктілер 2020-2023 жылға дейінгі кезеңде білім беру саласында жұмыс істемейтін тұлғаларға жалақы төлеу және жалақысын көтеру арқылы 4,6 млрд теңге сомасына жымқыру жасаған. Бүгінде 23 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылады, оның 21- і Талдықорған қаласы білім бөлімінің және 14 орта мектептің есепшілері.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.