Абай облысындағы өрттің түтіні шамамен 1000 шақырым қашықтықта орналасқан Жетісу облысының орталығы Талдықорған шаһарына жетті. Бүгін таңда әлеуметтік желіде осыған қатысты бейнежазбалар тарап тұрғындар тарыпынан алаңдаушылық туындаған болатын. Алайда ТЖД өкілдерінің айтуларынша бұған алаңдауға еш негіз жоқ. Өңірде жағдай тұрақты. Солтүстік Шығыстан соққан желдің әсерінен өлкеде бұдан бөлек бірнеше аудардарды қалың түтін басып тұр.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.