Талдықорғандық медбике вакцина алып, есінен танды деген ақпар жалған. Мұны облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері мәлімдеді. Және медицина қызметкерінің өзі де әлеуметтік желді желдей ескен мәліметті жоққа шығарды. Ол тіпті желіде видео-түсініктеме жасады. Оның айтуынша, ол жай ғана жайсыздықты сезген. Қазір оның жағдайы жақсы, жұмысында.