Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театры жуырда академиялық мәртебеге ие болған еді. Осыған орай, салтанатты шара ұйымдастырылып, өнер ұжымын облыс әкімі Бейбіт Исабаев құттықтады. Мерекелік жиынға Қазақстанның халық әртістері Болат Әбділманов, Лидия Кәденова, Дулыға Ақмолда бастаған елімізге белгілі театр тарланбоздары мен зиялы қауым өкілдері қатысты.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






