Өңірлердің даму деңгейіндегі теңсіздікті жою – қазір мемлекет алдында тұрған негізгі міндеттің бірі. Бұл туралы мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында айтқан болатын. Қазір елімізде ірі инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып жатыр. Бірі Жетісу облысындағы газдандыру жұмыстарын атап айтуға болады. Қазір аймақтағы ауқымды жоба «Талдықорған – Үшарал» магистральді газ құбыры тартылуда. 2025-2026 жылдарға қарай толық іске қосылмақ. Өңіріміздің шығысындағы шекаралық аймақта да табиғи отынмен қамту жұмыстары қызу жүріп жатыр.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.