Екінші ақпан – Ұлттық басылым күні. Осыдан 112 жыл бұрын “Қазақ” газетінің алғашқы саны осы күні жарық көрді. Оның бастауында Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейханұлы, Міржақып Дулатұлы секілді ұлт зиялылары тұрды. Айтулы мерекеге орай Талдықорғанда “AMANAT” партиясының ұйымдастыруымен салтанатты шара өтті. Тіл сарайында өткен шарада филиал төрағасы, өңірдегі баспасөз өкілдерін құттықтады.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.