Талдықорғанда биыл 70 шақырымнан аса жол ретке келтіріледі. Оның 54 шақырымға жуығы “Құлагер”, “Бірлік” шағын ауданы және “Жастар -1”, “Солтүстік Батыс” жеке тұрғын үй алабын қамтиды. Жаңадан бой көтеріп жатқан аумаққа жалпы 100-ден аса көше салынады. Жалпы, шаһардағы жол сапасын және мердігерлер жұмысын қала әкімі Ернат Бәзіл өзі көріп қайтты. Облыс орталығындағы жүргізушілерге кедергі келтіріп отырған аумақтарды аралап, тиісті шара қабылдады.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.