Талдықорғанда электрмонтаж құрылғыларын өндіретін кәсіпорын ашылды. Жоба құны 1 млрд теңгеден асады. Заманауи технологиялармен жабдықталған зауыт әзірге Жетісу облысы мен Шымкент қаласының сұранысын қамтамасыз етіп отыр. Өндірістің іске қосылуы өңірдегі импортқа тәуелділікті азайтып, энергетика саласының дамуына серпін бермек.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






