Талдықорғанда есірткі жарнамаларына қарсы облыстық акциясы өтті. Ұйымдастырған – Жастар ресурстық орталығы мен облыстық Полиция департаменті. Мақсаты – жасырын түрде таралатын QR-кодтар мен заңсыз стикерлерге тосқауыл қою, сондай-ақ жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






