Талдықорғанда халықтың саны 208 мыңға жуықтаған. Оның 25 мыңнан аса тұрғынның медициналық сақтандыруы жоқ. Бұл туралы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру бөлімінің өкілдері мәлімдеді. Осы ретте, олар тіркелмеген азаматтарға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.