Талдықорғанда киокушинкай-кан каратэден Қазақстан чемпионаты өтті. Оған еліміздің әр аймағынан 500-ден астам спортшы жиналды. Олар жас ерекшелігі бойынша 3 топқа бөлініп, бірнеше салмақ дәрежесінде кіл мықтыны анықтады. Турнирге облыс әкімі Бейбіт Исабаев та арнайы келіп, жастарға сәттілік тіледі.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.