Бүгін Талдықорғанда Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесі салтанатты түрде аталып өтті. Өңірдің мәдениет майталмандары мен сахна саңлақтары бас қосқан жиынға облыс әкімі арнайы келді. Бейбіт Исабаев ұлт руханиятын ұлықтаған зиялы өнерпаздарды мемлекеттік наградалармен марапаттады. Сонымен қатар бірнеше аталым бойынша үздік деп танылған өнер ошақтары мен сала мамандарына сый- сияпаттар көрсетті.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.