Биыл Талдықорған үшін даму мен жаңғыру жылы болды. Қалада өндіріс көлемі артып, жаңа жұмыс орындары ашылып, тұрғын үй мен жол құрылысы қарқын алды. Шаһардың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріндегі осы өзгерістер туралы қала басшысы жыл қорытындысына арналған брифингте мәлімдеді.Әкімнің сөзінше, жалпы экономикалық өсім 107%-ды құрады, бұл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған негізгі міндеттерді жүйелі іске асырудың нәтижесі. Құрылыс жұмыстарының көлемі 54,0 млрд. теңгеге жетіп,14,3% өсім байқалды. Халықты қолжетімді тұрғын үймен қамту мақсатында«Береке» коттедж қалашығында 107 үйдің құрылысы аяқталып, «Бірлік» шағынауданында 170 пәтерлік 2 несиелік көпқабатты үйдің құрылысы аяқталу сатысында. «Реновация» бағдарламасы аясында 19 апатты үйдің тұрғындарына жаңа баспана ұсынылды. Жол инфрақұрылымына ерекше назар аударылды. Биыл Талдықорған қаласы жолдарын салуға, күрделі жөндеуге және күтіп ұстауға 13,8 млрд теңге бөлініп, 128 көшенің107-сіне асфальт жабындысы төселді. Сонымен қатар 75 көшеге күрделі жөндеу жүргізілуде. Нәтижесінде жақсы жағдайдағы жолдардың үлесі 89%-дан 91%-ға дейін ұлғаяды деп күтілуде.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






