Талдықорған қаласында биыл өнеркәсіп өндірісінің көлемі 6 жарым пайызға өсіп, 166,4 млрд. теңгені құраған. Жыл басынан бірнеше жаңа өндіріс іске қосылып, кеңейтілді. Соның нәтижесінде 400-ге жуық жаңа жұмыс орны құрылды. 93 млрд. теңге инвестиция тартылды. Бұл туралы Жетісу облысы әкімі Талдықорған қаласының тұрғындарымен кездесуінде айтты. Бейбіт Исабаев аймақтың беталысын, бүгіні мен болашағынан кеңінен хабардар етті.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






