«Мәслихаттар саяси жаңғыру аясында жергілікті өзін-өзі басқарудың негізгі буынына айналуы тиіс”. Бұл – ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәслихаттар алдына қойған міндеті. Нақты мақсаттарын да айқындап берді: «Халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға тікелей қатысу». Талдықорғанда «Қазақстан мәслихат депутаттары бірлестігінің» отырысы өтті. Басқосуға бірлестік төрағасы Төлеубек Мұқашев және Қостанай, БҚ, Жамбыл облыстық және Шымкент қалалық филиалдарының төрағалары келді. Жиында мемлекет басшысы берген тапсырмалар, депутаттық корпустың ел дамуына қосар үлесі сараланды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.