Талдықорғанда жылыту маусымы 7 қазан күні басталды. Қазіргі уақытта қала бойынша 765 көппәтерлі және 1286 жеке тұрғын үй орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылып отыр. Сонымен қатар, бұл тізімде 1300-дей бюджеттік мекеме мен 900-ден астам өзге де тұтынушылар бар. Жылыту қазандықтары штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.