Талдықорғанда Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Жетісу облысының мәслихат депутаттары мен этномәдени бірлестіктер өкілдерімен кездесті. Басқосудың негізгі тақырыбы – «Жаңа Конституция – ұзақмерзімді дамудың берік негізі». Сенат спикері мен жиналғандар өзара пікір алмасып, Ата заңымыздағы өзгерістер еліміздің еңсесін тіктеуге, халықтың жағдайын жақсартуға бағытталған ұзақмерзімді стратегия деген ой айтты. Мәулен Әшімбаев жетісулықтардың жалпы еліміздегі барлық саяси науқандардағы белсенділігін атап өтіп, алдағы референдумда да ауызбірлік танытады деген сенім білдірді.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






