Алматы облысында жыл басынан 50-ден аса тұрғын ішек инфекциясына шалдыққан. Олардың ішінде 33 бала бар. Мұнымен қоса, өңірге қарасты аудандардың бірінде жаппай улану фактісі тіркеліп, 71 адам зардап шеккен. Өлім-жітім де бар. Бұл туралы баспасөз брифингінде Санитарлық -эпидемиологиялық бақылау департаменті мамандары мәлімдеді. Айтуларынша, облыс аумағында өлімге әкеп соғатын ботулизм сынды сирек аурумен сырқаттанғандар да анықталып жатыр.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.