Алматы облысында жобалық құны 67 миллиард теңге болатын теңіз балықтарын өсіретін инновациялық кешен салынып жатыр. Құрылыс барысын аптада Қонаев қаласын аралаған өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев көріп қайтты. Сонымен қатар, облыс әкімі шаһардағы орталық саябақ пен қалалық жағажайдың құрылыс жұмыстары мен болашақта салынатын әкімшілік ғимараттардың орнымен танысты.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.