Текелі қаласындағы Мамания өнер мектебі инклюзивтік бағытта жан-жақты дамып келеді. Орталықта балалар өнердің он шақты түрін меңгеріп, шеберліктерін шыңдайды. Игі іске “Алтын адам Жетісу шеберлер орталығы” қоғамдық бірлестігі ұйытқы. Енді мекемеде жас өнерпаздардан бөлек, олардың ата-аналарына арналған үйірме жұмыс істейді.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






