Теміржол маңында қауіпсіздік ережелерін сақтау – әрбір азаматтың міндеті. Қарапайым сақтық адам өмірін сақтап қалуы мүмкін. Жетісу өңірінде «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында көлік прокуратурасы мен көліктегі полиция республикалық деңгейде ауқымды профилактикалық жұмыстар жүргізіп жатыр. Негізгі мақсат, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және теміржол аймағында жазатайым оқиғалардың алдын алу.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






