Ынытымақ кетсе, ырыс қайда? Алакөл ауданына қарасты “Тоқжайлау” атты ауылшаруашылық өндірістік кооперативі ыдыраудың аз-ақ алдында тұр. Аудандағы 6 ірі шаруашылықтың бірі болатын. Байырғы басшылығы ауысқалы шаруашылық жағдайы шатқаяқтап кеткен. Соңғы 1 жылда кооперативте екі рет басшы ауысты. Мүшелері не барды сақтап қалуды, не жеке-жеке ыдырап кетуді таңдай алмай, тығырыққа тірелген сынды. Кооператив тағдыры бүтін бір ауыл халқын толғандырып отыр.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.