Әуе рейстерінің кешігуі қалыпты әдетке айналып барады. Үкімет отырысында Премьер-Министр авиация саласындағы шұғыл шешімді қажет ететін мәселелерді атады. «Бүгінде ұшқыштар, инженерлер мен техникалық персоналдар жетіспейді. Рейстердің кешігуі де жиілеп кетті. Оған қолайсыз күн райы ғана себепші емес. Сондықтан, авиакомпаниялар жолаушылар мен ұшақтарға қызмет көрсету сапасын жақсартып, әуе паркін кеңейтуі қажет», – деді Әлихан Смайылов. Ал, Талдықорғандағы әуежайдың жай-күйі қалай? Халыққа қызмет етуге техникалық әлеуеті жеткілікті ме?
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






