Үміт сыйлайтын орталық. Қаратал ауданында бой көтерген сауықтыру мекемесі бүгінде біраз науқастың дертіне шипа, жарқын болашағына үлкен үміт сыйлайтын орталыққа айналды. Мекеме 2016 жылдан бері тынымсыз жұмыс істеп келеді. Мұнда 2 мен 18 жас аралығындағы әртүрлі ауруға шалдыққандар кәсіби мамандардан кешенді көмек алады. Бұл бейімдеу орталығы бір уақытта 60 адамды қабылдай алады. Оларға жасалған емдік шаралардың нәтижесі де көңіл көншітеді.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.