Республика күні қарсаңында үш елді мекенде заманауи фельдшерлік-акушерлік пункттер ашылды. Ауыл тұрғындары үшін бұл – көптен күткен сәт болды. Енді медициналық көмек жақынырақ әрі сапалырақ болмақ. Салтанатты ашылу рәсімінде алғыс сөздер айтылып, тұрғындардың жүзінен күлкі кетпеді. Мерекелік атмосфераны біздің түсірілім тобы да сезініп қайтты.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.