Талдықорған қаласында орналасқан уақытша ұстау изоляторының аумағында арнайы контингентке арналған дәрігерлік амбулатория ашылды. Мамандардың айтуынша, жаңа нысан қамауда отырған азаматтарға дер кезінде әрі кешенді медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Бүгін облыс әкімдігінің өкілдерімен прокуратура қызметкерлері медициналық кешеннің жұмысымен танысты.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






