Ширек ғасыр шет жерде жүріпті. Қалай, қашан, неге екенін айта алмайды. Есі қайта кіргелі бір жыл. Қырғызстандық Кенжебек Аронов араға 26 жыл салып, етжақындарымен қауышты. Қаңғып жүргенінде оңалту орталығына түсіпті. Жағдайының оңалуына ықпал еткен де сол орталық қызметкерлері. Ал, туыстарын іздеп табуға ат салысқандар қатарында “Жетісу” телеарнасы да бар. Еңбек ақталды. Біздің шығармашылық топ тағдыр жолы еріксіз ажыратқандардың қайта табысқанына куә болып қайтты.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






