Заң және тәртіп – қоғам қауіпсіздігінің алғышарты. Талдықорғанда кешенді жұмыстар нәтижесінде қылмыс көрсеткіші 20 пайызға төмендеді. Ал алаяқтық 35 пайызға қысқарды. Өткен жылы прокуратураның бастамасымен алаяқтық жолмен 100 млн теңгеден астам қаржы иеленген топ ұсталды. Қазір сотта тергеу амалдары жүріп жатыр. Ал жәбірленушілерге қарыз сомалары қайтарылуда.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.