Еңбекшіқазақ ауданындағы зауыт айына 7 мың тонна арматура өндіреді. Бұл аймақта өнеркәсіптік өндіріс бағыты тың қарқын алып келеді. Түрген ауылында орналасқан «Централ Азия Фу Джоу Металл» ЖШС бүгінде металл қалдықтарын қайта өңдеп, құрылыстық болат конструкцияларын өндіріп отыр. Әрі жергілікті 70-тен аса азамат тұрақты жұмыспен қамтылған. Зауыт жұмысымен біздің тілшіміз танысып қайтты.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.