Жаңа маусым: жаңа жобалар. “Жетісу” телеарнасы эфирінде 4 жаңа жобаның тұсауы кесілді. Бағдарламалар “Жанашыр”, “Қазақ тілі”, “Бір бала” және “Безбен” деп аталады. Атауларына қарай, арқау етер тақырыптары сан қырлы.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.