📌 Алименттерді қасақана төлемеген борышкерлер
қылмыстық жауапкершілікке тартылды!
Ұйғыр ауданы прокуратурасының бастамасы бойынша алимент бойынша міндеттемелерін орындамаған борышкерлерге қатысты қылмыстық жауапкершілікке тарту шаралары іске асырылуда.
Алматы облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2021 жылғы 26 тамыздағы №2 үкімімен “Р” және “Р” есімді борышкерлер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 139-бабына сәйкес (Балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау) кінәлі деп танылды.
Үкім бойынша борышкерлердің 1 жылға бас бостандығы шектеліп, барлық белгіленген мерзімге пробациялық бақылау белгіленді, 100 сағат мәжбүрлі еңбекке тартылды. Үкімдер заңды күшіне енді.
Борышкерлердің алимент бойынша берешек сомасы 4 038 976 теңгені және 2 390 137 теңгені құраған.
Сотталған борышкерлер бірнеше жыл бойы өздерінің кәмелетке толмаған балаларын күтіп-бағуға алименттер бойынша өз міндеттерін орындамаған.
2021 жылдың 1 жартыжылдығында құқық қорғау органдары алимент өндіру бойынша 5 борышкерге қатысты қылмыстық іс қозғалды, олардың 5-і бойынша айыптау үкімдері шығарылды, 1 борышкер бойынша берешек сомасын толық төлеуге байланысты ақталмайтын негіздер бойынша жәбірленушімен татуласуына байланысты сот қаулысы шығарылды.
Сонымен қатар, алимент өндіру бойынша борышкерлерді жұмысқа орналастыру бойынша тұрақты негізде іс-шаралар жүргізілуде, 2021 жылдың 1 жартыжылдығында 12 борышкер жұмысқа орналастырылды.
Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
Ұйғыр ауданының прокуратурасы
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.