Алматы облысында “Egov жаршысы” жобасы қорытындыланды. Жоба аясында өңірде мемлекеттік қызметтердің 87%-ға жуығы электронды түрде көрсетілген. Аудан-қалалар бойынша 2111 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы құрылып, азаматтар игілігіне берілді. Тағы 1860 кеңсе аудан орталықтарында орналасқан. Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруда іске асырылған шаралар жастарға қызмет көрсету орталығында айтылды. Республикалық жобаның нәтижесі шығарылып көрсеткіштер сараланды. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өңірдегі жетекшілері соңғы 10 айда атқарған жұмыстарын баяндады. Жетісу еріктілері де азаматтардың сандық сауаттылығын күшейтуге белсене ат салысқан. 470-тен астам ерікті жас халыққа қызмет көрсету орталықтарына барып тегін кеңес берген.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.