“Бетонка” енді тегін емес. Бүгіннен бастап Қапшағай – Талдықорған бағытындағы тас жолдармен жүргеніңіз үшін ақша төлейсіз. Енді көлік жүргізушілер жүріп өткен жолы үшін ақы төлеуге міндетті. Өйткені, осы күнге дейін автомобиль иелерінен ақы алынбады. Бұл бағыттағы жолдар қазаннан бері тесттік режимде жұмыс істеген. Тек Қапшағай – Алматы бағытындағы автобан ақылы болды. Жалпы, елімізде 23 қарашадан бастап республикалық маңызы бар жеті автожол ақылы жүйеге көшті. Осылайша республикалық жолдардан түскен қаржы оларды ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге толық жететін болады, – дейді “ҚазАвтожол” өкілдері.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.