Қарасай ауданында түрік инвесторларының күшімен қос кәсіпорын іске қосылды. Бірі – Қаскелең қаласындағы кондитер фабрикасы, екіншісі – Жармұханбет ауылындағы газ-электр плиталарын шығаратын кәсіпорын. Қос нысанның ашылуына: ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы мен Алматы облысы әкімінің орынбасары Серік Тұрдалиев қатысты.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.